«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті
Бүгін Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасы аудан орталығымен қатар барлық ауылдық елді мекендерде де кең көлемде жүргізілді.Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі тазалық шарасында Жанқожа батыр, Әйтеке би және Қ.Сәтбаев көшелерінде күл-қоқыстарды жинау, аумақтарды тазалау, бей-берекет өскен шөптерді шабу жұмыстары атқарылды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов пен Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтарды аралап, тазалық жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар жауапты мекеме басшыларына жұмыстарды сапалы әрі жүйелі жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Жалпы аудан бойынша сенбілік жұмыстарына 135 мекемеден 2061 адам және 6 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигондарға 9,5 тонна қоқыс шығарылды














