Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжікстан 2035 жылға қарай парниктік газ шығарындыларын 15%-ға қысқартуды жоспарлап отыр

Тәжікстан 2035 жылға қарай парниктік газ шығарындыларын 15%-ға қысқартуды жоспарлап отыр

Тәжікстан 2035 жылға қарай парниктік газ шығарындыларын 15%-ға, ал халықаралық қолдау болған жағдайда 40%-ға дейін қысқартуды көздеп отыр. Бұл мақсаттар елдің жаңартылған ұлттық деңгейде айқындалатын үлесі (ОНУВ 3.0) құжатында бекітілген.

выбросы парниковых газов
Фото: pexels
Құжатқа сәйкес, Тәжікстан 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда парниктік газ шығарындыларын 2030 жылға қарай 10%-ға, 2035 жылға қарай 15%-ға азайтуды жоспарлаған.
Ал халықаралық қаржылық және технологиялық қолдау көрсетілген жағдайда бұл көрсеткіштер тиісінше 25% және 40%-ға жетуі мүмкін.
ОНУВ 3.0 құжатын Тәжікстан үкіметі 2026 жылғы 16 қазанда бекіткен.
Тәжікстанның Қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Баходур Шерализода құжаттың қабылдануы нақты жұмыстардың бастамасы ғана екенін атап өтті.
Оның айтуынша, климаттық мақсаттар салалық бағдарламалар мен өңірлік даму жоспарларында көрініс табуы тиіс.
– Құжатты бекіту – практикалық жұмыстың бастамасы ғана. Климаттық мақсаттар салалық бағдарламалар мен өңірлік жоспарларда қамтылуы қажет. Климат саясатының табыстылығы қабылданған құжаттардың санымен емес, экономика мен халық үшін қол жеткізілген нақты нәтижелермен бағалануы тиіс, – деді Баходур Шерализода.
Есептеулерге сәйкес, 2026-2035 жылдары климаттық шараларды жүзеге асыру үшін Тәжікстанға таңдалған сценарийге байланысты 20-22,5 млрд доллар қажет болады.
Ұлттық деңгейде айқындалатын үлестер Париж климат келісімінің негізгі тетіктерінің бірі саналады.
Келісім аясында мемлекеттер әр бес жыл сайын парниктік газ шығарындыларын азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі міндеттемелерін жаңартып, мақсаттарын күшейтіп отырады.
Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстандағы мұздықтардың еруі Орталық Азияның су қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырғаны хабарланған еді. Сарапшылардың болжамынша, 2050 жылға қарай елдегі мұздықтар тағы 20%-ға дейін қысқаруы мүмкін.


22 қараша 2026 ж. 16 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30