Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Бүгін Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Аталған жәрмеңкеге Қазалы ауданынан жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер белсенді қатысып, 50 жүк көлігімен жалпы көлемі 89,6 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізді.
Жәрмеңкеге шығарылған өнімдердің қатарында 12 тонна күріш, 3 тонна сүт өнімі, 2,3 тонна ет, 9,3 тонна балық өнімі, 62 тонна бақша өнімдері, картоп пен көкөністер, сондай-ақ 1 тонна «Қазалы конфеті» бар. Бұдан бөлек, «РЗА» АҚ-ның сүт өнімдері де Қызылорда қаласынан жеткізілді.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау, тұрғындарды сапалы әрі табиғи азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және нарықтағы бағаны тұрақтандыру.
Тұрғындарға ұсынылған азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан 10–15 пайызға төмен бағамен сатылды.
Жәрмеңке Қызылорда қаласындағы Шұғыла мөлтек ауданында, Ғани Мұратбаев көшесі мен Қожа Ахмет Ясауи көшелерінің қиылысында ұйымдастырылды.
21 қараша 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30