Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда Прокуратура органдарының құрылғанына 35 жылдығына орай кіші футболдан аудандық турнир өтуде

Қазалыда Прокуратура органдарының құрылғанына 35 жылдығына орай кіші футболдан аудандық турнир өтуде

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай Қазалы аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлері арасында кіші футболдан аудандық турнир өтті.
Спорттық шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, прокуратура органдарына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар, прокуратура органдарының қатысуымен өңірде атқарылып жатқан игі істер жайында атап өтті.
-Баршаңызды Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің құқықтық мемлекет болып қалыптасуы мен заң үстемдігін қамтамасыз етуде прокуратура органдарының атқарып келе жатқан қызметі ерекше. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Бас прокуратураның ұйымдастыруымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен өңірімізде ауқымды жұмыстар атқарылды. Өткен жылы қайтарылған активтер есебінен ауданымыздағы Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендері 1,5 млрд. теңгеге ауыз су желісіне қосылып, аудан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылды. Өткен жылдың желтоқсан айында аудандық көп бейінді орталық аурухананың жанынан мемлекетке қайтарылған активтер есебінен құны 1,8 млрд теңге болатын, 42 төсектік кардиология және инсульт орталығы іске қосылды. Аймағымызды төрт жылдан астам уақыт басқарған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен 340 млн. теңгеге аудандық прокуратураның барлық талаптарға сай жабдықталған, заманауи жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының, Бас прокуратураның, облыс әкімінің қолдауымен құқық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, қызметкерлердің сапалы жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасауға бағытталған жұмыстар жалғасын таба беретін болады, - деді аудан әкімі.
Турнирдің ашылуында аудан прокуроры Мадияр Бекпанов жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, спорттық бәсекенің жоғары деңгейде өтуіне тілектестігін білдірді.
Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов ақ батасын беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге мекемелер мен кәсіпорындардан 8 команда қатысып, өзара бақ сынауда. Жарыстың алғашқы ойынында Қазалы ауданы әкімдігі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі командалары кездесіп, 2:1 есебімен әкімдік командасы жеңіске жетті. Турнир ойындары әрі қарай жалғасуда.
21 қараша 2026 ж. 28 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30