Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Суармалы жерлер алаңын арттыру қандай нәтиже береді

Суармалы жерлер алаңын арттыру қандай нәтиже береді

2030 жылға қарай суармалы жерлер алаңын 2 есе артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында суармалы алаңдарды 2025 жылға қарай 2,2 млн гектарға және 2030 жылға қарай 3 млн гектарға жеткізу жұмыстары жалғасуда. Суды көп қажет ететін күріш және мақта, сондай-ақ масақты дәнді дақылдар сияқты дақылдардың үлесінің азаюы күтілуде, бұл ретте дәнді масақты дақылдарды суару тек азықтық ауыспалы егісте ғана көзделген. Жалпы көрсетілген шаралар 2030 жылға қарай суармалы жерлер алаңын 2 есе, жалпы жиналымды 5,6 есе, жалпы пайданы 6,4 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Е. Қарашөкеев. Оның айтуынша, суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыру перспективалары суарудың су үнемдеу технологияларын кеңінен қолданумен тығыз байланысты, бұл су шығынын азайтуға және су мен қоректік заттарды нүктелі беру арқылы өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. «Бүгінгі күні су үнемдеу технологиялары енгізілген алаңдардың ұлғайғаны байқалады, оған инвестициялық субсидиялау ықпал етті. Бұл инвестициялық субсидиялау аясында фермерлердің қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуға, сондай-ақ су алу мен беруге арналған бүкіл қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсаған шығындарының 50%-ы өтеледі», - деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылы су шаруашылығы инфрақұрылымы жүргізілген алаң 1,6 млн гектарды құрады.
05 қазан 2021 ж. 578 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031