Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда күзгі санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді

Қазалыда күзгі санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді

Бүгін Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында күзгі санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Бүгін аудан орталығы Әйтеке би кентінде жүргізілген кезекті сенбілік барысында Жасыл белдеу алаңы, Т. Бөріқұлақов, Ж. Шеріпов, Ж. Аймауытов және Мағзаман әулие көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік барысында аталған аумақтардағы қоқыстар тазаланып, бейберекет өскен шөптер шабылды. Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлерімен қатар аудан тұрғындары да белсенді қатысып, қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Аудан орталығында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап көріп, Әйтеке би кентінің әкімі мен тазалыққа жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жалпы сенбілік жұмыстарына аудан бойынша 136 мекемеден 1 372 адам және 16 техника жұмылдырылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде полигондарға 16,2 тонна қоқыс шығарылды.
Күзгі санитарлық тазалық шаралары аудан орталығымен қатар барлық ауылдық округтерде де жалғасты
04 қазан 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031