Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысқа қамдану – жауапты қадам

Қысқа қамдану – жауапты қадам

Ауданда алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқын ала бастады. Қыстың қамын ерте ойлаған аудан басшылығы қазіргі таңда тұрғындарды қажетті қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесін басты назарда ұстап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жоспар мен нақты межеге негізделіп, кезең-кезеңімен атқарылуда.
Жуырда аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев көмір тасымалдаушы кәсіпкерлермен арнайы кездесу өткізіп, қысқы маусымға дайындық барысын пысықтады. Жиын барысында Жалғас Оңғарұлы тұрғындарды үздіксіз қатты отынмен қамту – басты міндеттердің бірі екенін атап өтіп, көмір жеткізудің уақытылы әрі жүйелі болуына назар аударды.
– Қысқы мезгілде аудан халқына қатты отынның жетіспеушілігі болмауы тиіс. Сондықтан көмір жеткізу ісінде ешбір кідіріс немесе жоспардан ауытқу болмауы керек. Сонымен қатар халыққа ұсынылатын көмір бағасы да шектен тыс көтерілмеуі қажет. Бұл бағытта кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс жасау маңызды, – деді аудан әкімінің міндетін атқарушы.
Кездесуде көмірдің өзіндік құнына да тоқталды. Ауданға қатты отын өзге облыстардан жеткізілетіндіктен, тасымалдау шығындарына байланысты бағада өсім байқалуы мүмкін. Дегенмен халыққа қолжетімді бағада көмір ұсыну – жергілікті билік пен кәсіпкерлердің ортақ жауапкершілігі екені айтылды. Осы ретте аудан басшысы салаға жауапты орынбасарға және тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жоспарға сәйкес көмір жеткізуді қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.
Айта кетейік, алдағы жылу беру маусымына Қазалы ауданы бойынша жалпы 17 мың тонна қатты отын қажет. Оның 14,3 мың тоннасы тұрғындардың тұтынуына арналса, 2,7 мың тоннасы аудан аумағындағы әлеуметтік нысандардың қажеттілігін өтеуге жұмсалады. Бұл межені орындау үшін тиісті келісімдер жасалып, көмір жеткізу кестесі бекітілуде.
Қыстың қытымыр аязына төтеп беру үшін бүгіннен қамдану – жауапты қадам. Осы мақсатта қолға алынған шаралар қыс мезгілін алаңсыз өткізуге негіз болады деген сенім мол.

А. ЖҮСІПОВА
23 тамыз 2025 ж. 253 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031