Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан дәнді дақылдардың экспорттық нарығын кеңейтеді

Қазақстан дәнді дақылдардың экспорттық нарығын кеңейтеді

Фото: Halyq Uni
Қазақстан дәнді дақылдардың экспорттық нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан жыл сайын 8-9 млн тонна астық экспорттайды, оның 6,5-7,5 млн тоннасы — бидай.
Экспорт географиясы 40-тан астам елді қамтиды. Орталық Азия, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия, Тунис елдері дәстүрлі нарық саналады.

Биылғы қарашаның соңындағы жағдай бойынша 6,3 млн тонна астық экспортталды. Жаңа өнім экспорты — 2,37 млн тонна, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52%-ға артық, — делінген хабарламада.

Өзбекстанға жеткізілім 42%-ға артып, 944 мың тоннаға жетті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 665 мың тонна болған.
Тәжікстанға жеткізілім 49%-ға өсіп, 2023 жылғы 254 мың тоннадан биыл 377 мың тоннаға дейін жетті.
Сондай-ақ Қытайға экспорт көлемі 17%-ға өсіп, өткен жылғы 304 мың тоннадан биыл 355 мың тоннаға дейін артқаны байқалды.
Ауғанстанға жеткізілімдер көлемі 71%-ға ұлғайып, өткен жылғы 67 мың тоннадан 115 мың тоннаға дейін артты.
Иранға экспорт көлемі 10 мың тоннадан 30 есеге артып, 299 мың тоннаға жетті.
Биыл экспорттық әлеует 12 млн тоннаға жетеді деп болжанып отыр. Негізгі өткізу нарықтары – Орталық Азия, Қытай, Ауғанстан, Италия және басқа елдер. Сондай-ақ Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Ирак, Солтүстік Африка және ЕО елдеріне Қара және Балтық теңіздерінің порттары арқылы 2 млн тоннаға дейінгі көлемде астық тасымалдау мәселесі пысықталып датыр, — делінген Үкімет хабарламасында.

Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін Қазақстан ішінде де, экспортқа да жөнелтуді жоспарлайтын жедел астық штабы құрылды. Халықаралық дәліздер құру жөніндегі жобаларды іске асыру арқылы экспорт географиясын одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.
06 желтоқсан 2024 ж. 275 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 156

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031