Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазалыда көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазалы ауданында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі Желтоқсан көшесі бойында орналасқан №2 және №14 көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жөндеу жұмыстарымен танысты.

Аталған жұмыстарға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме «АҢСАТ-ҚҰРЫЛЫС И С» ЖШС тарапынан тұрғын үйлердің шатыр жабындарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне жөндеу жұмыстарын жауын-шашынға қалдырмай, белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстап, орындалған жұмыстардың талаптарға сәйкестігін қадағалауды міндеттеді.
Аталған көпқабатты үйлердің тұрғындары аулаларына асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолдары салынып, енді шатырларын жөндеу жұмыстарының қолға алынғанына ризашылықтарын білдіріп, атқарылып жатқан жұмыстар үшін алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Желтоқсан және В. Счастнов көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, автотұрақтар мен жаяу жүргіншілер жолдарын салу жұмыстары жүргізілген болатын.
Аудан әкімі инфрақұрылымды дамыту мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру – жергілікті атқарушы орган жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ аудан орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу және жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғастыру қажеттігін айтты.
15 қазан 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031