Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға кеспе тас, жиектастар мен гранит әкелуге тыйым салынды: тізбе нақтыланды

Қазақстанға кеспе тас, жиектастар мен гранит әкелуге тыйым салынды: тізбе нақтыланды

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 тамыздағы бұйрығымен үшінші елдерден Қазақстан аумағына құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеу бөлігінде толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, бұйрық жаңа тармақпен толықтырылды. Оған сәйкес, 2026 жылғы 1 қазанға дейін мынадай норма қолданылады:
Үшінші елдерден Қазақстан аумағына көліктің барлық түрімен құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынады.
Тізімге мыналар енгізілген:
  • табиғи тастан (тақтатастан басқа) жасалған кеспе тас, жиектастар және жол төсеуге арналған тақталар;
  • ескерткіштер жасауға немесе құрылысқа арналған өңделген тас (тақтатастан басқа) және одан жасалған бұйымдар, 6801 тауар позициясындағы өнімдерді қоспағанда;
  • негізге бекітілген немесе бекітілмеген табиғи тастан, оның ішінде тақтатастан жасалған мозаика текшелері және осыған ұқсас бұйымдар;
  • табиғи тастан, оның ішінде тақтатастан алынған, жасанды түрде боялған түйіршіктер, үгінділер мен ұнтақтар;
  • жылтыратылған, безендірілген немесе оюдан басқа тәсілмен өңделген, таза салмағы 10 килограмм немесе одан асатын гранит;
  • граниттің өзге түрлері.
Бұйрық 2026 жылғы 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Қазақстан кеспе тас, жиектас пен гранит әкелуге салынған тыйымның мерзімін ұзартқаны хабарланған.
07 тамыз 2026 ж. 150 0

Дара таланттар додасы

24 қазан 2026 ж. 42

Ертеңі жақын еңселі ел

24 қазан 2026 ж. 47

Еңбек еленген күн

24 қазан 2026 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031