Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстаннан ағаш материалдарының кей түрін әкетуге тыйым салынды

Қазақстаннан ағаш материалдарының кей түрін әкетуге тыйым салынды

Биылғы 8 маусымнан бастап елімізден ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды. Аталған тыйым салу отандық ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және ағаш өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржы министрлігі хабарлағандай, шектеу 2022 жылғы 8 маусымда күшіне енген «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 322 бұйрығымен енгізілген.

"Аталған бұйрық алты ай қолданыста болады және ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге тыйым салады (бұйрыққа сілтеме http://zan.gov.kz/client/#!/doc/168616/kaz)", - делінген министрлік хабарламасында.

Осыған дейін қолданыста болған «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 611 бұйрығымен ел аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу 2021 жылғы 7 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 7 маусымды қоса алғанда қолданылған болатын.
09 маусым 2022 ж. 572 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 28

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 64

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 105

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 57

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 56

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 91

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031