Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық бес боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық бес боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық бес боксшы Азия чемпионатының финалына шықтыФото: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық боксшы қыздар 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Алтын медаль үшін Гүлназ Бөрібаева, Анита Әдішева, Ұлжан Сәрсенбек, Азиза Исина және Шұғыла Налыбай айқасады, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Күндізгі сессияны 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек ашты. Онда қазақстандық Гүлназ Бөрібаева Жапония өкілі Ю Миатамен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Келесі болып шаршы алаңға Анита Әдішева шықты. Ол 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тайбэй спортшысы И-Хуан Гомен жұдырықтасты.
Алғашқы раундта қарсыласы басым түскенімен, кейін жекпе-жек барысы түбегейлі өзгеріп, Әдішева 4:1 есебімен жеңісті жұлып алды.
Үшінші болып Ұлжан Сәрсенбек өнер көрсетті. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде вьетнамдық Зи Зом Вумен кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті.
Төртінші жекпе-жекті Аяжан Ермек өткізді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол өзбекстандық Муштарибон Иброхимжонға 1:4 есебімен есе жіберді.
Бұдан соң шаршы алаңға Азиза Исина көтерілді. 70 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Үндістан өкілі Шиванимен күш сынасты.
Қос спортшы да жеңіске деген жігерін көрсетті, алайда қазақстандық арудың басымдығы айқын байқалып, төрешілер жеңісті 4:1 есебімен соған берді.
Кейін 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Шұғыла Налыбай оңтүстіккореялық Нахион Кимге қарсы шығып, оны 5:0 есебімен айқын ұтты.
Күндізгі сессияны қазақстандық Панар Сейітханқызының жекпе-жегі түйіндеді: 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ол Үндістан өкілі Приянкадан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша Гүлназ Бөрібаева, Анита Әдішева, Ұлжан Сәрсенбек, Азиза Исина және Шұғыла Налыбай 23 жасқа дейінгілер арасындағы бокстан Азия чемпионатының финалына шықты. Аяжан Ермек пен Панар Сейітханқызы финалға өте алмай, турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Сағат 16:00-де басталатын кешкі сессияда 23 жасқа дейінгі ерлер шаршы алаңға шығады.
Еске салайық, бокстан жасөспірімдер мен жастар (U-19 және U-23) арасындағы Азия чемпионаты 3-16 шілде аралығында Джакартада (Индонезия) өтіп жатыр. Турнирде Қазақстан намысын 39 спортшы қорғап жатыр.

12 шілде 2026 ж. 70 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031