Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан әлем чемпионаты: Ширек финалға кімдер өтті

Бокстан әлем чемпионаты: Ширек финалға кімдер өтті

Белградта өтіп жатқап Әлем чемпионатының ширек финалына төрт қазақстандық жолдама алды. Спортшылар бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, медаль ала алады, деп хабарлайды Stan.kz.

71 келіге дейінгі салмақта кездесу өткізген Асланбек Шымбергенов Германиялық Магомед Шахидовты айқын басымдықпен жеңді. Ол үшінші раундта қарысласын нокаутқа жіберген. 
Саматәлі Төлтаев Колумбиялық Дуван Зулетадан басым түсіп, ¼ финалға жолдама алды. 21 жастағы спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 
20 жастағы Махмуд Сабырхан шотландиялық қарсыласы Мюттью Макхэйлді жеңді. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы келесі айналымда бразилиялық Майкл Тринидадпен жұдырықтасады. 
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізген Теміртас Жүсіпов Омер Ахметовичті төрешілер шешімімен жеңді. Жартылай финалға жолдама алуы үшін ол өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовтен басым түсуі қажет. 
01 қараша 2021 ж. 537 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930