Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Белгілі қазақстандық журналист өмірден өтті

Белгілі қазақстандық журналист өмірден өтті

Отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан қаламгердің қазасы туралы ақпаратты әріптестері растады
Белгілі қазақстандық журналист өмірден өтті
Фото: t.me/madenietaqparat
Белгілі қазақстандық журналист Жұмабек Табынбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство журналист, ақын, прозашы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Жұмабек Айдарбекұлының отбасы мен жақындарына, әріптестеріне және оны қадір тұтқан барша жұртшылыққа көңіл айтты.
Жұмабек Табынбаев бүкіл ғұмырын отандық журналистиканың дамуына арнады. Еңбек жолын 1978 жылы бастап, кәсіби қызметі барысында өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жауапты қызметтер атқарды.
Жұмабек Айдарбекұлы журналистикамен қатар қазақ әдебиетінің дамуына да ақын әрі прозашы ретінде елеулі үлес қосты. Оның «Өмір – керуен», «Соғыс туралы шындық», «Жадымдасың, жарқын бейне» және басқа да кітаптары оқырман тарапынан жоғары бағаланып, ұлттық әдебиеттен өз орнын алды.
«Жұмабек Айдарбекұлының жоғары кәсібилігі, өз ісіне адалдығы, белсенді азаматтық ұстанымы, адамгершілігі мен өмірлік қағидаттары әріптестері мен замандастарының зор құрметіне ие болды. Оның жарқын бейнесі мен мол шығармашылық мұрасы отандық журналистика мен әдебиет тарихында, сондай-ақ өзін таныған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген министрлік таратқан көңіл айту хабарламасында.



12 шілде 2026 ж. 192 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31