Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаламгерді жырға қосты ақындар

Қаламгерді жырға қосты ақындар

Қазалыда туған таланттар қаншама?! Соның ішінде қолына қалам ұстап, ел алдындағы аманатына ақ парақтай адалдық танытуды қажет ететін
журналистика – көптің қолынан келе бермейтін, қиындығы да, қызығы да жеткілікті сала. Осы бағытта Қазалы ауданының ақпарат саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген атпал азаматтың бірі – Қазалы ауданының мәдениет және тілдердіпр дамыту бөлімінің қолдауымен, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазалы ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі, ақын, журналист – Жұмабек Табынбаев.
Жуырда Жанқожа батыр ауылындағы мәдениет үйінде руханият шырақшысы Жұмабек Айдарбекұлының зейнет демалысына шығуына арналған «Өмірім – өлеңім» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
Шараның шымылдығы қарымды қаламгердің сөзіне жазылған рухты әндермен ашылды. Мұнан соң сахна төрінен орын алған Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғ.Дармағамбет пен ауыл әкімі М.Кайруллаев құттықтау сөз сөйлеп ашып, талапкерлерге сәттілік тіледі.
– Жұмабек ағамызды ретінде барша қазалылық өз ісіне адал, шыншыл, абырой биігіндегі азамат жақсы таниды. Аудандағы шешімін таппаған талай түйткілді мәселені де тиісті орындарға көтеріп, түйінін тарқатқан да осы азамат. Жұмабек ағамыз сонымен қатар елдің батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлын насихаттауда да көптеген жұмыстар жасаған. Осы үшін де баба рухы разы болсын дейміз. Бүгінде саналы ғұмырын ақпарат саласына арнап, ауызтолтырып айтардай жетістікке жетіп, аталмыш салада абыроймен зейнет жасына жетіп отыр. Шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз! – деді ауылы әкімі.
Аталға мүшәйрада – ақын, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік тілдің оқытушысы – Жұбатқан Таңжанов, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі – Сағыныш Мұхитқызы мен ақын, Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектептің мұғалімі – Айнұр Оразалылар қазылық жасады.
Облыстық өнер додасында Шиелі, Қармақшы, Арал, Жалағаш, Жаңақорған ауданы және жергілікті жердің ақындары өзара бақ сынады. Сөзден маржан тергендер сайыс ережесі бойынша бірінші қаламгерге арнау оқып, онан кейін еркін тақырыпта өлең оқыды.
Нәтижесінде Қармақшы ауданынан келген ақын Мөлдір Тәңірбергенова жүлделі бірінші орынға лайықты деп танылды. Екінші орыды шиелілік Бекжан Ержігіт иеленсе, үшінші орынды қазалылық Бақытбек Макеев місе тұтты. Басқа да қатысушыларға мәдениет бөлімінің алғыс хаты мен қаржылай сыйлықтар берілді. Осылайша қаламгерді құрметке бөлеген кеш, ақындар мүшәйрасы өз мәресіне жетті.
Серік АҚМЫРЗА
15 ақпан 2025 ж. 208 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728