Президент: Домбыра – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі
Президент сөз асоңында барша қазақстандықтарға амандық пен бақ-береке тіледі.
Фото: Pixabay
Фото: PixabayМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Президент өз құттықтауында домбыраның ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі әрі халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра екенін атап өтті.
«Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра. Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді», – делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде қара домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала беретінін айтты. Сондай-ақ қазақ домбырасының сазды әуенін халықаралық қауымдастыққа таныту – жалпыұлттық парыз екенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, 1 шілдеде Домбыра күні қарсаңында заңды күшіне енген Халық Конституциясында тарихи-мәдени мұраны сақтау мен төл мәдениетті қолдау алғаш рет негізгі қағидаттардың бірі ретінде айқындалған.
Қасым-Жомарт Тоқаев домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерді ел ішінде де, шетелде де насихаттап жүрген азаматтарға алғыс айтып, қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да елге шабыт беріп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге жетелей беретініне сенім білдірді.
Президент сөз асоңында барша қазақстандықтарға амандық пен бақ-береке тіледі.












