Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйрек елді мекені аяқсумен қамтылды

Үйрек елді мекені аяқсумен қамтылды

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты Үйрек елді мекенінің тұрғындары елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп, аудан басшысына өтініш білдірген болатын.
Аталған өтінішті аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың бақылауға алып, тұрғындар өтінішіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді. Аудандық бюджет есебінен елді мекенді аяқ сумен қамту мақсатында нақты жобалар жүзеге асырылып, елді мекен аумағындағы канал бойына сорғы станциясы орнатылып, жерасты аяқ су құбыры тартылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде Үйрек елді мекенінің тұрғындары үй іргелік жерлерін аяқ сумен қамтамасыз етіп, бау-бақша егіп, еңбектерінің жемісін көріп отыр. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартып, қосалқы шаруашылықты дамытуға мүмкіндік беруде.
Қазіргі таңда Үйрек елді мекенінің тұрғындары өздерінің өтініштерінің оң шешімін табуына ықпал еткен аудан басшысы мен игі іске атсалысқан азаматтарға шынайы ризашылықтарын білдіруде.
Халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған мұндай жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
05 шілде 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031