Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шитүбек елді мекені ауыз су желісіне қосылды

Шитүбек елді мекені ауыз су желісіне қосылды

Бүгін Қазалы ауданындағы Қарашеңгел ауылдық округіне қарасты Шитүбек елді мекені ауыз су желісіне қосылды. Елді мекенге таза ауыз су қосу рәсіміне аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы барып, шитүбеліктерді көптен күткен қуанышымен құттықтады.
- Мемлекет басшысының 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту жөнінде тапсырма сәйкес, биыл ауданымыздағы барлық елдімекендер орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен аймағымызда денсаулық сақтау, білім беру, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында 14 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Оның ішінде Қазалы ауданы бойынша 1 медициналық және 4 ауыз-сумен қамтамасыз етуге арналған 5 әлеуметтік нысандарының құрылысы басталған болатын. Аталған жоба аясында ауданымыздағы Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін ауыз су желісіне қосуға республикалық, облыстық бюджеттен және қайтарылған активтер қаражаты есебінен барлығы – 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып отыр. Қазыналы ауданда бұдан бөлек те Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен аудан халқының игілігіне бағытталған байыпты бастамалар мен жасампаз жобалар жүзеге асуда.
Елдің дамуы – ауылдан, ауылдың гүлденуінен басталады. Ауылдың дамуы, келешегінің зор болуы – Сіздерге, сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен ауызбіршіліктеріңізге тікелей байланысты.
Осы орайда, Шитүбек елді мекенінің таза ауыз су желісіне қосу жұмыстарымен айналысқан мердігер мекеме «Ансар-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшыларына және игі іске атсалысқан барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі үлкен қуаныш барша отбасына бақыт пен шаттық әкелсін, - деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Ауыз су желісіне қосу рәсімінде аудан прокуроры Дарын Әбіш көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ауыл ақсақалы Дәуіт Сайын батасын берді. Ауданның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мен ауыз су тарту жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Елді мекенді ауыз суға қосу рәсімінен кейін аудан әкімі тұрғындармен кездесті. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыт-бағдары, аудан көлемінде алда атқарылатын жобалардың жүзеге асу барысы туралы айтып, тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдады.
03 қазан 2025 ж. 215 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031