Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зекет - қоғамның берекесі

Зекет - қоғамның берекесі


Фото: ашық дереккөзден алынды
Ислам дінінің бес парызының бірі – зекет. Зекет – тек материалдық көмек қана емес, ол жүректі сараңдықтан тазартып, қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдықты нығайтатын ұлы құлшылық.

Қасиетті Құранда зекет беру намазбен қатар көптеген аяттарда бірге аталған. Бұл оның мұсылман өміріндегі маңызын көрсетеді. Зекет мұқтаж жандардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік теңдіктің сақталуына да ықпал етеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Малдарыңды зекетпен тазартыңдар» деген. Демек, зекет – мал-мүліктің берекесін арттырып, адамның рухани кемелденуіне жол ашатын қасиетті ғибадат.

Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елімізде зекет мәдениетін қалыптастыруға және қайырымдылықты жүйелі түрде ұйымдастыруға ерекше мән беріп келеді. Басқарма жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры арқылы аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, студенттерге, жетім-жесірлерге және табиғи апаттан зардап шеккен жандарға тұрақты түрде көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, «Мектепке жол», «Ел үлесі – пәтерге», «Рамазан қоржыны», «Құрбан – 2026» секілді игі жобалар халықтың қолдауымен жүзеге асып, мыңдаған отбасының қуанышына айналып келеді.

ҚМДБ-ның өңірлердегі өкілдіктері мен мешіттері де осы бағыттағы жұмыстарды белсенді атқаруда. Қазалы ауданында да жергілікті кәсіпкерлер мен жомарт жандардың қолдауымен мұқтаж отбасыларға азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдары және өзге де қажетті көмектер үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Бұл – халқымыздың бойындағы қайырымдылық пен бауырмалдық қасиеттің жарқын көрінісі.

Зекет – бай мен кедейдің арасын жақындастыратын, қоғамдағы ауызбіршілік пен өзара сенімді нығайтатын маңызды институт. Сондықтан зекетімізді шариғат талаптарына сай, шынайы ықыласпен беріп, оны лайықты орындарға жеткізу – әрбір дәулетті мұсылманның жауапкершілігі.

Алла Тағала баршамызға малымыздың зекетін адал ниетпен беруді, берекелі ризыққа кенелуді және қоғамымызда мейірім мен ынтымақтың арта түсуіне себепші болуды нәсіп етсін.

Нұрдәулет НӘБИ,
Қазалы аудандық «Жанқожа батыр»
 мешітінің бас имамы
26 маусым 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930