Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Садақаға арналған мобилді қосымша

Садақаға арналған мобилді қосымша

Қазақстанда садақа беруге арналған мобильді қосымша іске қосылды. Бұл қосымшаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры садақа, зекет беру жүйесін оңтайландыру мақсатында іске қосқан.

Қосымшада «зекетті есептеу», «зекет кітабы», «қор туралы», «біздің іс-шаралар», «онлайн садақа жасау», «мұқтаж жандар базасы» сынды басты мәзірлер арқылы қажетті кеңестер, ақпараттар мен мәліметтер алуға болады.

«Мобилді қосымшаны іске қосудағы негізгі мақсатымыз – қайырымдылық көмек көрсетуге, зекет беруге ниет білдірген азаматтарға қолайлы мүмкіндік жасау. Қосымшаға көмекке аса зәру жандардың ортақ базасын енгіздік. Онда науқастың аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы, медициналық анықтамалар және тағы басқа қажетті құжаттар жүктелген. «Онлайн садақа жасау» мәзірі арқылы аталған кісіге көмек бере аласыз. Қордың басты ұстанымы – елімізде шариғат бойынша садақа-зекет беру дәстүрін қалыптастыру, қаржылық мөлдірлікті, бәріне бірдей ақшалай ашықтықты қамтамасыз ету», – дейді «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров.

Оның айтуынша, мобильді қосымшаның бір ерекшелігі, автоматты есептегіш (калькулятор) құралы зекет беру көрсеткішіне жеткен мал-мүліктің, яғни жинақталған қаржының зекетін бірден анықтайды. Мобильді қосымшаны «Play Mapкет» жүйесі арқылы «ҚМДБ зекет» сөзін жазып, жүктеп алуға болады.
21 қаңтар 2019 ж. 2 047 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930