Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 24 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады

24 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады

Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Фото: pixabayФото: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 24 маусым, сәрсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.
Сондай-ақ елдің оңтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Ал солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Алматы, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында қатты ыстық сақталады. Бұл өңірлерде ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі. Ал Алматы облысының солтүстігінде сынап бағаны +40 градусқа дейін жетуі ықтимал.
Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Ең күрделі жағдай Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында күтіледі.

24 маусым 2026 ж. 196 0

Дара таланттар додасы

24 қазан 2026 ж. 76

Еңбек еленген күн

24 қазан 2026 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031