Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Толғанбектің қайталанбас туындылары

Толғанбектің қайталанбас туындылары

Қазалылық ағаш шебері Толғанбектің қолынан шыққан туындылардың әрқайсысы бір-бір тарих. Ол әр бұйымды жасағанда тарихи жазбаларға, әдеби шығармаларға, аңыз дас¬тандар мен толғауларға сүйенеді. Кітаптарда сөзбен суреттелген оқиғаларды ағаштан ойып жасайды. Шебер темірден бұйым жасарда бүгінде ешкім қолдана бермейтін қарақұм әдісін пайдаланады екен. Яғни, темірді ешбір станоктың көмегінсіз көмірдің шоғына қыздыру арқылы иеді. Оны бояуға бояп, сырламайды. Қазақтың қарайту деген тәсілін пайдаланады. Темірді қыздырып тұрып, малдың майына салып жібереді. Сонда ол қарайып, бірнеше жыл өзінің түсін жоғалтпайды.
Мәселен, Толғанбек бізге бір жағында торсық, екінші жағында қобыз бейнеленген бұйымның мағынасын былай түсіндірді. «Абайдың жетінші қара сөзінде бала өмірге келгенде бірінші ішсем-жесем, екінші көрсем-білсем екен деген екі мінезбен келеді дейді. Соны мен ағашқа түсірдім. Ішсем-жесем дегені мына торсық, яғни тән азығы, екіншісі қобыз бұл көрсем-білсем дегені жан азығы. Ұлы Абай айтқандай, тән азығынан жан азығы басым болуы керек. Болмаса біздің хайуаннан айырмашылығымыз болмай қалады» – дейді шебер.
Жас күнінен қол¬өнерге жаны жақын Толғанбек қазір кәнігі ағаш шеберіне айналды. Ол жасаған бұйымдардың қатарынан кәде¬сый ретінде ұсынуға лайық¬талған қазақтың ұлттық домбырасын, желмаяға мінген Қорқыт баба мен оның қобызын жиі кезіктіресің. Ұлттық өнерімізді өлтірмей, тамырына жан бітіріп жүрген шебер рухани жаңғыру өзіміздің тарихымызды жан-жақты танып білуден басталатындығын айтады. Оқып-білгенін бұйымға айналдырып, халықтың рухани азықтануына осылай үлес қосып жүр.
Арнайы шеберханасы болмаса да, табиғат аясында отырып, қиялына ерік беретін Толғанбек ағаштан ою оярда шотбалта, қашау пышақ қана пайдаланады. «Орта мектепті бітірген соң, Ресей Федерациясында Камчаткада Тынық мұхитында әскери теңіз флотында әскери борышымды өтедім. Ең басында ағаштан бұйым жасауды қызығушылықпен қолға алғанмын. Қазір көрмелерге жиі апарып жүрмін. Халық қызығады, сүйсініп жатады. Сатасыз ба деп те сұрайды. Әзірге ондай ойым болмапты. Бағалары төмен болмайтыны белгілі. Өйткені, жұмысы, материалы соған сай. Үйренгім келеді дейтін жандар болса, білгеніммен бөлісуге әркез дайынмын» – дейді Толғанбек Әбдуәлиұлы.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
06 қаңтар 2018 ж. 2 467 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031