Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында 4 ауылды газға қосу жұмыстары жүргізілуде

Қазалы ауданында 4 ауылды газға қосу жұмыстары жүргізілуде

Аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамту жұмыстары бойынша соңғы жылдары ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мәселен, 2022 жылы ауданда Басықара, Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр ауылдары көгілдір отынға қосылса, 2024 жылдың аяғында Абай ауылы және 2025 жылы Ақтан батыр ауылы табиғи газ отынына толыққанды қосылды.

2024 жылы Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев елді мекендеріне газ жеткізу құбырларының құрылысына 1 млрд. 562,4 млн. теңге қаржы бөлінсе, 2025 жылға жобаның жұмысын жалғастыруға 2 млрд. 171,1 млн. теңге бөлініп, жұмыстары толық аяқталған болатын. (Жоба құны 3 млрд. 733,5 млн. теңге).
2026 жылға Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендеріне орамішілік газ желілері құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 680 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінде елді мекендерге орамішілік газ жүргізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Айта кетейік, ауданда бұдан бөлек елді мекендерді газдандыру бойынша Ақсуат, Байқожа елді мекендеріне орамішілік газ желісін жүргізуге және Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды ауылдық округтеріне магистралды газ желілерін жүргізу жобасы әзірленген.

10 маусым 2026 ж. 219 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930