Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанкент, Бірлік және Қожабақы ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Жанкент, Бірлік және Қожабақы ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі Алмасбек Есмаханов дарияның арғыбетіндегі Жанкент, Бірлік және Қожабақы ауылдарының халқымен кездесті.
Елді мекендерде өткен кездесулерде аудан басшысы алдымен ауданымызда атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, қол жеткізген жетістіктер мен алдағы мақсат-міндеттерді тілге тиек етті.
-Бүгінде ауданымызда білім, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс, кәсіпкерлік салалары мен инфрақұрылымды жақсарту, газдандыру, ауыз сумен қамту, электр желілерін жаңғырту және жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сыр өңіріне жасаған қолдауымен, аймақты 4 жылдан астам уақыт басқарған Нұрлыбек Нәлібаевтың басшылығымен өңірде ауқымды жобалар жүзеге асты. Биыл жылдың басында Бекарыстан би ауылында заманауи спорт кешені пайдалануға берілсе, Майдакөл ауылында өткен жылы 100 орындық ауылдық клуб ел игілігіне табысталды. Қарлан көпірінің құрылысын аяқтауға тиісті қаржы бөлініп, бүгінде көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында, Қазалы қаласы, Қожабақы ауылы және Ү.Түктібаев ауылдарының электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығында электр энергиясының тұтыну қуаттылығын арттыру мақсатында қосалқы стансасының құрылысы жүргізілді. Елді мекендерді көгілдір отынмен қамту бойынша Абай және Ақтан батыр ауылдары газға қосылса, биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарында орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстары басталып, жыл соңына дейін 4 ауылды көгілдір отынға қосу жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған 4 ауылды толықтай көгілдір отынмен қамтығаннан кейін дарияның арғыбетіндегі Өркендеу, Бірлік, Қожабақы бағытындағы ауылдарға да магистральды газ желілерін жүргізу жоспарланып отыр. Жуық арада Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында құрылысы жүргізілген жаңа спорт кешендері пайдалануға берілетін болады. Жол жөндеу жұмыстары бойынша аудан орталығы мен елді мекендерде бірқатар жобалар жүзеге асуда, - деді аудан басшысы.
Аудан әкімі алдағы уақытта аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен аудан халқының әл-ауқатын арттыру бағытында жоспарланған бірқатар жұмыстар жайында да айтып өтті.
Кезек ұсыныс-пікірлерге келгенде тұрғындар тарапынан Жанкент ауылына спорт кешенін салу, көшелерді жарықтандыру, жайылымдық жерлердегі су тапшылығына байланысты су ұңғымасын қазу, электр желілерін жаңғырту, Қожабақы ауылында жуық арада пайдалануға берілетін спорт кешенінен спорттың бокс, күрес түрлерінен үйірмелер ашу және Аранды ауылына барар аудандық маңызы бар автомобиль жолын жөндеуге байланысты бірқатар ұсыныстар айтылды.
Аудан басшысы су ұңғымасын қазу бойынша жауапты сала басшыларына ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, ұсыныс беруді тапсырды. Ал, елді мекендердегі тозығы жеткен электр желілерін қайта жаңғырту бойынша кезең-кезеңімен жобалар жүзеге асып жатқандығын, ал Аранды ауылының жолына байланысты жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынып, тиісті қаржы бөлінген жағдайда жол жөндеу жұмыстары басталатындығын жеткізді. Басқа да мәселелер бойынша тұрғындар сауалына нақты жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешу бойынша кезең-кезең жұмыстар жасалатындығын айтты.
Халықпен өткен кездесулерде аудан басшысы елімізде Президентіміздің бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар, бағдарламалар, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы сынды мемлекеттік реформалар мен жаңа бастамалар жөнінде сөз қозғап, халықпен ашық пікір алмасты.
04 маусым 2026 ж. 112 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930