Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыста смартфон пайдалануға тыйым салынды: бұл қаншалықты заңды?

Жұмыста смартфон пайдалануға тыйым салынды: бұл қаншалықты заңды?

Фото:depositphotos.com
Көптеген қызметкер жұмыс арасындағы бос минуттарда хабарламаларды тексеруге, жеке қоңырауларға жауап беруге немесе әлеуметтік желілерді қарауға дағдыланған. Дегенмен, кейбір компанияларда телефон пайдалануға шектеу қойылады немесе мүлдем тыйым салынады. Бұл қаншалықты заңды екенін Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
Еңбек кодексінде кез келген жағдайда жұмыста телефон пайдалануға рұқсат беретін немесе жұмыс берушіге оған шектеусіз тыйым салу құқығын беретін жалпы ереже белгіленбеген. Сонымен қатар егер жұмыстың ерекшеліктеріне, қауіпсіздік талаптарына немесе ұйымның ішкі ережелеріне негізделсе, жұмыс беруші жұмыс уақытында жеке телефондарды пайдалануға шектеулер қоя алады. Бұл туралы заң кеңесшісі Дана Жанәділ айтты.

Жұмыс беруші смартфон пайдалануды қашан шектей алады?
Қазақстанның Еңбек кодексінің 63-бабына сәйкес, жұмыс беруші ішкі еңбек тәртібі қағидаларын бекітеді. Онда жұмыс уақыты, тынығу уақыты және еңбек тәртібін сақтау шарттары айқындалады. Қызметкерлер өз жұмысына қатысты ережелермен таныстырылуы тиіс.
Сондықтан ұйым жұмыс міндеттерін орындау кезінде жеке қоңырауларға, хат жазысуға және телефон пайдалануға шектеулер қоюға құқылы. Мұндай шаралар қауіпсіздік талаптарымен, құпия ақпаратты қорғаумен, клиенттерге қызмет көрсетумен немесе жұмысқа зейін қою қажеттілігімен байланысты болуы мүмкін.
Мысалы, өндірістік цехта телефон жарақат алу қаупін тудыруы мүмкін, ал дербес деректермен жұмыс істейтін бөлімшеде ақпараттың тарап кету қаупін арттырады.

Түскі үзіліс кезінде смартфон пайдалануға бола ма?
Жұмыс уақыты мен тынығу уақытын ажырата білу қажет. Мысалы, дүкен қызметкеріне сатып алушыларға қызмет көрсету кезінде кассада жеке бейнеқоңыраулар жасауға тыйым салынуы мүмкін. Мұндай шектеу жұмыс ережесінің бір бөлігі болуы ықтимал, деп атап өтті Дана Жанәділ.
Алайда тіпті түскі үзіліс кезінде де телефон пайдалануға тыйым салу жеке бағалауды талап етеді. Оның ішкі құжаттарда нақты қалай жазылғанын және қызметкердің тынығу құқығын шектейтін-шектемейтінін тексеру маңызды.
Компания ережелерін бұзғаны үшін қандай жазалар қарастырылған?
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыс беруші тек Еңбек кодексінің 64-бабында қарастырылған жаза түрлерін қолдануға құқылы. Олар: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс немесе Кодексте белгіленген нақты негіздер бойынша жұмыстан шығару.
Бұл тізімде телефон пайдаланғаны үшін айыппұл түріндегі жеке тәртіптік жаза жоқ.
Бұл ретте, жаза қолданылғанға дейін жұмыс беруші қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге және Еңбек кодексінің 65-бабында қарастырылған процедураны сақтауға міндетті. Бір теріс қылық үшін тек бір тәртіптік жаза қолдануға жол беріледі.
Телефон үшін жалақыдан ақша ұсталса, қайда жүгіну керек?
Егер қызметкерге тәртіптік жаза жарияланса, ол бұйрықтың көшірмесін және жұмыс берушінің пікірінше, талаптары бұзылған құжатты сұрата алады.
Қызметкердің тиісті ережелермен танысқан-таныспағанын, тыйымның оның жұмыс орнына қатысы бар-жоғын және тәртіптік жауапкершілікке тарту процедурасының сақталғанын тексерген жөн.
Жалақыдан "телефон үшін айыппұл" ретінде ақша ұсталған жағдайда, қызметкер жұмыс берушіден құқықтық негіздеме туралы жазбаша түсініктеме мен ұсталған соманың есебін талап етуі керек.
Бұған дейін Қазақстанда ұялы телефондарды верификациялау тәртібі өзгертілді. 2026 жылғы 9 қазаннан бастап жеке тұлғалар мемлекеттік портал мен eGov Mobile қосымшасы арқылы өтінім бере алады. Енді шекарадан өткені туралы анықтаманы бөлек алудың қажеті жоқ, ал жеке басты растау үшін міндетті видеоидентификация енгізілді. Жаңа ережелер бойынша процедурадан қалай өтуге болатынын материалдан оқыңыз.
19 қараша 2026 ж. 14 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30