Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Ғани Мұратбаев, Абай ауылдары мен Қазалы қаласының халқымен кездесті

Аудан әкімі Ғани Мұратбаев, Абай ауылдары мен Қазалы қаласының халқымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың халықпен кездесулері Ғани Мұратбаев, Абай ауылдары және Қазалы қаласында жалғасты.
Халықпен өткен кездесулерде аудан басшысы елімізде Президентіміздің бастамасымен жүзеге асып жатқан реформалар, «Әділетті Қазақстан», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» тұжырымдамалары, Президентіміздің 28 қазан күні Қазақстан халқына жасаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер, алдағы жоспарлар жайында баяндады.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сыр өңіріне деген айрықша қолдауы, аймағымызды төрт жылдан астам уақыт басқарған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының қолдауы және облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының басшылығымен ауданымызда ауқымды жобалар жүзеге асырылып, маңызды бастамалар қолға алынуда. Өткен аптада облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының қатысуымен Жанқожа батыр және Үрмаш Түктібаев ауылдарына табиғи газ берілді. Жыл соңына дейін Бекарыстан би және Майдакөл ауылдары да көгілдір отынға қосылатын болады.
Бұдан бөлек, Ақсуат, Байқожа, Өркендеу, Бірлік, Қожабақы және Аранды ауылдарын газдандыруға жалпы құны 7,2 млрд. теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында ауданымызда жүйелі жұмыстар жалғаса беретін болады, - деді аудан әкімі.Кезек ұсыныс-пікірлерге келгенде Ғани Мұратбаев ауылының тұрғындары елді мекендегі Жамбыл Жабаев көшесін асфальттау, абайлықтар ауылға тиесі мал жайылымдық жерлерін суландыру, қоғамдық көлік, Қазалы қаласының тұрғындары қаңғыбас иттер, спорт кешенін салу сынды мәселелерді көтерді. Аудан басшысы Ғани Мұратбаев ауылындағы Жамбыл Жабаев пен Ақтан батыр сынды екі көшелерін жөндеуге жоба сметалық құжаттары әзірленіп, келер жылға тиісті қаржы бөлінген жағдайда жөндеу жұмыстары басталатындығын жеткізді.
Ал Абай ауылында көтерілген мал жайылымдық, шабындық жерлерін суландыру бойынша жауапты сала басшысына ауыл әкімімен бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша тапсырма берді. Сондай-ақ иесіз қаңғыбас иттер бойынша аудандық ветеринариялық станциясының директорына тапсырма берді. Аудан әкімі Қазалы қаласында өткен кездесуде биыл жыл басынан бері ауданда 3 елді мекенде жаңа спорт кешендері ашылғанын айтып, алдағы уақытта бірінші кезекте Қазалы қаласынан жаңа спорт кешенінің құрылысын бастауды жоспарлап отқанын жеткізді. Кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген басқа да мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына заңдылыққа сәйкес жұмыс жасау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.Халықпен өткен кездесулерден кейін аудан басшысы жеке мәселелері бойынша жүгінген тұрғындарды қабылдап, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.
19 қараша 2026 ж. 23 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30