Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та мұнай қоры көбейіп, әлемдік нарықта баға төмендеді

АҚШ-та мұнай қоры көбейіп, әлемдік нарықта баға төмендеді

Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 1,19 долларға немесе 1,28%-ға арзандап, 91,95 долларды құрады.
depositphotos.com
Әлемдік нарықта мұнай бағасы 1%-дан астам арзандады. Бұған АҚШ-тағы шикі мұнай мен жанармай қорының сарапшылар күткеннен едәуір көп өсуі әсер етті. Бұл жаһандық нарықта мұнай ұсынысының артуы мүмкін деген болжамды күшейтті, деп хабарлайды Reuters.
Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 1,19 долларға немесе 1,28%-ға арзандап, 91,95 долларды құрады. Ал WTI бағасы 2,75 долларға немесе 3,2%-ға төмендеп, 83,26 долларға жетті. Бұл – 26 тамыздан бергі ең төменгі көрсеткіш.
АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасының мәліметінше, 13 қарашада аяқталған аптада елдегі шикі мұнай қоры 3,4 млн баррельге өсіп, 417,8 млн баррельге жеткен. Сарапшылар өсім 58 мың баррель шамасында болады деп болжаған. Бензин қоры 5,2 млн баррельге, ал дизель отыны мен мазутты қамтитын дистилляттар қоры 1,6 млн баррельге артқан.
Сонымен қатар Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс пен Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына төнген қауіп мұнай бағасының одан әрі төмендеуін тежеп отыр. Соңғы күндері өңірдегі кемелерге жасалған шабуылдар күшейген. БАӘ-нің ADNOC L&S компаниясы Ормуз бұғазында шабуылға ұшыраған кемесінің бір экипаж мүшесі із-түзсіз жоғалып, 11 адам жарақат алғанын хабарлады.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай қорының өсуі нарықтағы сатушылар қысымын күшейткен. Алайда Таяу Шығыстағы жағдай мен мұнай тасымалының тұрақсыздығы бағаға әсер ететін негізгі тәуекелдердің бірі болып қала береді.
19 қараша 2026 ж. 12 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30