Аудан әкімі Басықара, Құмжиек және Жалаңтөс батыр ауылдарының халқымен кездесті
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың елді мекендерді аралап, халықпен кездесулері басталды.Бүгін аудан әкімі бірқатар сала басшыларымен бірге Басықара, Құмжиек және Жалаңтөс батыр ауылдарына барып, тұрғындармен кездесті.
Аудан басшысы алдымен Басықара ауылына барып, елді мекен тұрғындарымен жүздесті. Тұрғындармен кездесу барысында Алмасбек Әбілқасымұлы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар, Жаңа Конституцияның қабылдануы, конституциялық реформаларды жүзеге асырудағы өңір халқының ауызбіршілігі, Президенттің «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және елімізде өтіп жатқан маңызды жиындар жайында сөз қозғады.
Мұнан кейін Сыр өңірін 4 жылдан астам уақыт басқарған Нұрлыбек Нәлібаевтың жетекшілігімен жүзеге асқан, ел игілігіне бағытталған ауқымды жобалар туралы, сондай-ақ аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен өңірде және ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Сонымен қатар аудан көлемінде білім, мәдениет, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, газдандыру, ауыз сумен қамту, электр желілерін жаңғырту және жолдарды жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Басықара ауылдық клубында өткен кездесуде тұрғындар да бірқатар түйткілді мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, округ ішіндегі жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды газға қосу, білім саласына қатысты мәселелер және балабақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі сөз болды.
Аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің әрқайсысына жеке тоқталып, сұрақтарға толыққанды жауап берді. Сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша алдағы уақытта заңдылыққа сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді. Ауылдық округ әкіміне, мектеп, балабақша және ауылдық клуб басшыларына халықпен тығыз байланыста болып, елді мекенде тұрғылықты тұрып, ел игілігі жолында елмен етене жұмыс жасауды қатаң тапсырды.
Тұрғындармен кездесу кейін Құмжиек және Қарашеңгел ауылдарында жалғасты. Аудан басшысы қос ауылда өткен кездесуде алдағы уақытта аудан халқының игілігі үшін атқарылатын жұмыстарға тоқталып, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Тұрғындар тарапынан жаяу жүргіншілер жолын салу, электр желілерін жаңғырту, елді мекен ішіндегі көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу сынды ұсыныстар айтылды. Аудан басшысы көтерілген мәселелердің барлығын мұқият тыңдап, нақты жауап берді. Сондай-ақ халықтың әрбір ұсынысы назарда болып, оларды оңтайлы шешу жолдары қарастырылатынын айтты.
Халықпен өткен кездесулер барысында аудан басшысы Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына ерекше тоқталып, барша тұрғындарды елдік іске ауызбіршілікпен атсалысуға шақырды













