Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықпен кездесулер Бекарыстан би, Майдакөл және Ү. Түктібаев ауылдарында жалғасты

Халықпен кездесулер Бекарыстан би, Майдакөл және Ү. Түктібаев ауылдарында жалғасты

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың елді мекендерді аралап, халықпен кездесулері Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарында жалғасты. Кездесулер барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлары кеңінен талқыланды.
Аудан басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың өңір дамуына оң әсер етіп отырғанын атап өтті. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс күшейіп, ауылдардың инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып жатқандығын айтты.
Сонымен қатар аудан әкімі төрт жылдан астам уақыт ішінде облыс әкімі қызметін атқарған Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың басшылығымен аймақта ауқымды жұмыстар атқарылғанын жеткізді. Өңірде әлеуметтік нысандар салынып, инженерлік инфрақұрылым жаңартылып, ауылдарды дамытуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен іске асырылғанын атап өтті.
- Бүгінде облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының жетекшілігімен де халық игілігі үшін маңызды жобалар жалғасуда. Аудан көлемінде әлеуметтік нысандарды жаңғырту, жол, электр, газ және ауыз су инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Биыл жыл басында Бекарыстан би ауылында заманауи спорт кешені пайдалануға берілсе, Майдакөл ауылында өткен жылы 100 орындық ауылдық клуб ел игілігіне табысталды. Ү.Түктібаев ауылында биыл электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарында орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстары басталып, жыл соңына дейін 4 ауылды көгілдір отынға қосу жұмыстары жоспарланып отыр. Жуық арада Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында құрылысы жүргізілген жаңа спорт кешендерін пайдалануға беретін боламыз. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, инфрақұрылымды дамытуға үлкен серпін бермек, - деді аудан басшысы.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда ауылішілік көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, жайылымдық жерлерге мал суару үшін бұлақ қазу, Майдакөл ауылының жайылымдық жеріндегі Шағатай бұлағының көзін ашу, ветеринария саласындағы өзекті мәселелер мен мал ауруларының алдын алу үшін дезинфекция жұмыстарын күшейту және Ү.Түктібаев ауылындағы бір көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесі көтерілді.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әрбір ұсыныс пен пікірге жеке-жеке тоқталып, заң талаптарына сәйкес жауаптар берді. Көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтып, жауапты сала басшыларына тұрғындар ұсынысына сәйкес нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиын соңында аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Әділетті Қазақстан», «Адал адам» бағдарламасы мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының маңыздылығына тоқталды. Тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және туған жерге жанашырлықпен қарау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.
04 маусым 2026 ж. 43 0

4 маусымға валюта бағамы

04 маусым 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930