Ауа-райына байланысты Қостанай облысында жол жабылды
istockphoto.com«ҚазАвтоЖол» компаниясы ауа-райының бұзылуына байланысты Қостанай облысында жол жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылғы 18 қараша сағат 10:00-де ауа райының қолайсыздығына (қар, жел, көктайғақ) байланысты Қостанай облысында республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жолымен) – РФ шекарасы» автожолының 418–539 шақырым аралығы (Қарабалық к. – Қостанай қ.);
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жолымен) – РФ шекарасы» автожолының 555–685 шақырым аралығы (Тобыл қ. – Сарыкөл к.);
- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 7–108 шақырым аралығы (Тобыл қ. – Әулиекөл к.);
- «Қостанай – Мамлютка» автожолының 250–404 шақырым аралығы (Ұзынкөл к. – Тобыл қ.).
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.











