Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Румыниядағы жер сілкінісі Еуропа елдерінде де сезілді

Румыниядағы жер сілкінісі Еуропа елдерінде де сезілді

Фото: depositphotos.com
Румынияның Нережу-Мик елді мекенінен батысқа қарай 16 шақырым жерде магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Massaget.kz DW басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бұл туралы 18 қарашаға қараған түні АҚШ Геологиялық қызметі хабарлаған. Жер сілкінісінің ошағы 130,8 шақырым тереңдікте орналасқан. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы да осыған ұқсас деректер жариялаған.
Румынияның Жер физикасы жөніндегі ұлттық зерттеу және әзірлеу институтының мәліметінше, эпицентрге ең жақын орналасқан қалалар Фокшаны, Бузэу және Сфынту-Георге болған.
Ал Молдова билігі бастапқыда жер сілкінісінің магнитудасы 6,5 болғанын хабарлаған. Кишиневтің көптеген тұрғыны әлеуметтік желілерде түн ортасында оянып кеткенін, пәтерлеріндегі заттар шайқалып, құлағанын жазған.
УНИАН агенттігінің мәліметінше, жерасты дүмпулері Украинаның Киев, Одесса, Полтава, Кировоград, Николаев, Черкассы және Днепропетровск облыстарында да сезілген. Агенттік мұны соңғы жылдардағы ең күшті жер сілкіністерінің бірі деп атаған.
Қирау мен адам шығыны туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.
18 қараша 2026 ж. 14 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30