Бүгін еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай күндері ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын аумақтарда болу уақытын шектеуге кеңес береді.
Depositphotos.comБүгін, 19 қарашада Қазақстанның он қаласында атмосфералық ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеожағдайлар Астана, Алматы, Ақтөбе, Балқаш, Теміртау, Қарағанды, Талдықорған, Өскемен және Павлодар қалаларында күтіледі. Ал Жезқазғанда мұндай жағдай түнде болады.Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан зиянды заттар ауаның жерге жақын қабатында жиналуы мүмкін. Бұл елді мекендердегі ауа сапасының нашарлауына әсер етеді.Мамандар мұндай күндері ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын аумақтарда болу уақытын шектеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартқан жөн.Сондай-ақ тыныс алу және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру, ал дене белсенділігі мен спортпен жабық ғимараттарда айналысу ұсынылады.









