Жаңбыр жауып, бұрқасын болады: Қазақстан бойынша 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Бейсенбі, 19 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Елдің солтүстігінде кей жерлерде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, батысы мен орталығында тұман түсуі мүмкін, ал оңтүстікте едәуір жылы болады. Мұндай болжамды "Қазгидромет" ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалар бойынша ауа райы
Астана – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Алматы – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы.
Қонаев – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы.
Қызылорда – ауыспалы бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр жауады. Кей уақытта көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы.
Талдықорған – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы.
Тараз – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.
Түркістан – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 14-16 градус жылы.
Шымкент – ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.
Ақтау – ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы.
Ақтөбе – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Атырау – бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.
Орал – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Қарағанды – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Жезқазған – ауыспалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Көкшетау – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында.
Қостанай – бұлтты, түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында.
Павлодар – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
Петропавл – бұлтты, түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында.
Семей – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Өскемен – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.









