Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Заң мен тәртіп» қағидасы аясындағы кездесулер мен қабылдаулар жалғасуда

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясындағы кездесулер мен қабылдаулар жалғасуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов кешеден бері құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге елді мекендердің тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауда.
Бүгінгі кездесулер Бекарыстан би және Жалаңтөс батыр ауылдарында ұйымдастырылды. Бекарыстан би ауылындағы жиынға Арықбалық пен Алға, Ақжона ауылдық округтерінің тұрғындары келіп қатысса, Жалаңтөс батыр ауылында өткен кездесуге Басықара, Құмжиек, Ғ.Мұратбаев ауылдық округтерінің тұрғындары келді.
Кездесу барысында аудан әкімі алдымен өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен өңірде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы уақытта аудан халқының әл-ауқатын арттыру бағытында жоспарланған жұмыстар жайында тілге тиек етті. Сонымен қатар Президентіміздің «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің, азаматтардың қауіпсіздігін нығайтудың басты тетігі екенін атап өтті. Соған сәйкес ауданда жүзеге асырылып жатқан «Қауіпсіз аудан», «Ішімдіксіз ауыл», «Қылмыссыз өңір – кемел болашақ» сынды іс-шаралар мен осындай ашық форматтағы кездесулер мен қабылдаулардың маңызы жайында сөз қозғады. Ал, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш алдағы уақытта да Президент Жолдауларында көрсетілген ашықтық, халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғамдық диалог, азаматтардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару сынды мәселелер мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналатынын жеткізіп, мұндай ашық, еркін форматтағы кездесулер, қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Екі ауылда да тұрғындармен өткен кездесулерден кейін, аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов және аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов елді мекен тұрғындарымен жеке қабылдаулар өткізді. Жеке қабылдауда барлығы 55 тұрғынның өтініші қаралса, оның ішінде аудан әкіміне 22 азамат өз өтінішін жеткізді.
Жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегі, кәсіпкерлік мақсатта 2,5 пайызбен несие алу, ақылы қоғамдық және тұрақты жұмысқа орналасу, Ғ.Мұратбаев ауылы, Ж.Жабаев көшесіне асфальт салу, Жетес Ешниязов көшесін күрделі жөндеу және басқа да өзекті сұрақтар көтерілді. Аудан әкімі мен құқық қорғау органдарының басшылары әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кейбір мәселелер бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша тиісті мекемелер арқылы тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету жолдары қарастырылатын болды.
30 қаңтар 2026 ж. 152 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031