Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықпен кездесулер Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев ауылдарында жалғасты

Халықпен кездесулер Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев ауылдарында жалғасты

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тұрғындармен кездесулері Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарында жалғасты.
Ауыл тұрғындарымен жүздесу барысында аудан басшысы өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған жобалар жөнінде кеңінен тоқталды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан бастамалар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Кездесулерде елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға қатысты маңызды жобалардың бірі – ауылдарды табиғи газбен қамту мәселесі сөз болды. Биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына көгілдір отын жеткізу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылып, бұл бастама ауыл тұрғындарының тұрмысын жеңілдетіп, әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететіні жеткізілді.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасына да кеңінен түсіндіріп өтті. Жоба ауыл азаматтарына кәсіп бастауға мүмкіндік беретін тиімді тетіктердің бірі екенін айтып, мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие, түрлі қолдау шаралары қарастырылғанын түсіндірді. Бұл бағыттағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы ауылдағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға жол ашылатынын атап өтті.
Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау мәселесі де назардан тыс қалмады. Аудан әкімі Президентіміздің бастамасымен елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы биыл да жалғасын табатыны айтып, елді мекендердің тазалығына мән беріп, туған жердің көркеюіне тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырды.
Жиында ел өміріндегі маңызды саяси науқан – 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған республикалық референдум жайы да сөз болды. Аудан әкімі ұсынылып отырған Ата заң жобасында мемлекет дамуының негізгі бағыттары айқындалғанын айтып, оның ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталды. Осы ретте тұрғындарды елдік мәні зор науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстаным танытуға үндеді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде оң пікірлерін білдірді.
Кездесулер аяқталғаннан кейін аудан әкімі аталған үш ауылда орналасқан №84, 69, 68-ші референдум учаскелерін аралап, дайындық жұмыстарымен танысты. Учаскелердің ұйымдастыру деңгейіне, қажетті құрал-жабдықтардың әзірлігіне назар аударып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.
12 наурыз 2026 ж. 35 0

Төрт облыста жол ашылды

12 наурыз 2026 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031