Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бекарыстан би және Жалаңтөс батыр ауылдарында қоғамдық қабылдау өтті

Бекарыстан би және Жалаңтөс батыр ауылдарында қоғамдық қабылдау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидасы мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ауыл тұрғындарымен кездесулер мен жеке қабылдаулар жалғасуда.

Бүгінгі іс-шаралар Бекарыстан би және Жалаңтөс батыр ауылдарында ұйымдастырылды. Бекарыстан би ауылында өткен кездесуге Арықбалық, Алға және Ақжона ауылдық округтерінің тұрғындары қатысты. Ал Жалаңтөс батыр ауылында Басықара, Құмжиек және Ғ.Мұратбаев ауылдық округтерінен келген азаматтар өз мәселелерін көтерді.

Кездесулер алдында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов өңірде іске асырылып жатқан маңызды істерге тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру шараларын таныстырды. Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидасының қоғамдағы тұрақтылықты нығайту мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.
«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Ғазиз Әліш Президент Жолдауларында айқындалған ашықтық, халықпен тұрақты кері байланыс пен қоғамдық диалогты дамыту басты басымдық екенін атап, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Жеке қабылдау барысында 50-ден астам азамат өз өтініштерін білдірді. Көпшілігі ауыл үшін маңызды жол-көше инфрақұрылымын жақсарту мәселесін көтерсе, жеке өтініштер тұрғын үй кезегі, кәсіпкерлік мақсатта 2,5 пайызбен несие алу, сондай-ақ қоғамдық және тұрақты жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты болды.

Барлық өтініштер заң талаптарына сәйкес қаралып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жауапты сала басшыларымен бірге оң шешу жолдары қаралып, нақты тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.

#AMANAT
29 қаңтар 2026 ж. 74 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031