Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы талқыланды. Оған қала, аудан әкімдері, басқарма, департамент, аумақтық инспекция басшылары қатысты.

«Кәсіпорындардың толық өндірістік қуатпен жұмыс істеуі, қажетті шикізатпен қамтамасыз етілуі, инфрақұрылымның қолжетімділігі және дайын өнімнің нарыққа өткізілуі мұқият бақылауда болуы тиіс. Аймағымыздың экономикасына тиімді үлес қосатын өндіріс бағыттарын дамыту және іске қосу шараларын ұйымдастырыңыздар.

Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай орындалып, нысандардың белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі қадағалансын. Облыстық құрылыс басқармасы қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қалыптасқан оң динамиканы сақтау үшін жұмысты жалғастырсын.

Егін науқанына дайындық күнделікті тексеріліп, көктемгі дала жұмыстары кедергісіз, сапалы және уақытылы жүргізілуі тиіс. Ұйымдастырушылық шаралардың барлығы уақытылы іске асырылып, жұмыс барысы тұрақты бақылауда болуы керек», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, рейдтерді тұрақты жүргізу, жұмыссыздық деңгейін төмендетуде тиісті шаралар қабылдау, салық базасын ұлғайту, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.
 
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
07 сәуір 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930