Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АРНАЙЫ МӘЖІЛІСТЕ АЛДАҒЫ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АРНАЙЫ МӘЖІЛІСТЕ АЛДАҒЫ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте наурыз айындағы мереке күндері коммуналдық салалардың үздіксіз жұмыс жасауы, қоғамдық саяси ахуал, аудан көлемінде тазалық жұмыстарын ұйымдастыру сынды бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Мәжілісте алдымен бірнеше күннен бергі қалың түскен қарды уақытылы тазалау, алдағы күндері ауа райының жылынуына байланысты еріген қар суларын тазарту, көшелерді су басу қаупінің алдын алу шаралары қаралды. Бұл бағытта аудандағы барлық мекеме, кәсіпорындар мен жауапты мекемелер жұмылдырылып, арнайы техникаларды толық дайындыққа келтіріп, ортақ іске бірлесе атсалысу жөнінде тапсырма берілді.
Жиында алда өтетін наурыз айындағы мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Аудан әкімі мерекелік күндерде қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі орта қалыптастыру – барша салаға ортақ міндет екенін атап өтті.
Демалыс және мереке күндері коммуналдық салалардың тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуі де мәжілістің басты тақырыптарының бірі болды. Атап айтқанда, су, жарық және жылу жүйелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету – халыққа көрсетілетін ең маңызды қызмет екені айтылды.
– Демалыс халыққа берілген, біз ел үшін, халық үшін қызмет етуіміз керек. Әрбір сала тұрғындардың тұрмысына тікелей әсер ететінін ұмытпауымыз қажет, – деген аудан басшысы осы бағытта барлық жауапты бөлімдерге қатаң бақылау орнатуды тапсырды.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы да қаралды. Әр сала бойынша бекітілген жоспарлардың орындалуы, көрсеткіштердің сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуы бойынша тиісті басшыларға нақты міндеттер жүктелді. Қазіргі таңда салынып жатқан құрылыс нысандарының барысы және биылға жоспарланған елді мекендерді газдандыру жобаларын жыл соңына дейін толық аяқтау мәселелері көтерілді.
Мәжілісте қоғамдық-саяси ахуал да назардан тыс қалмады. Тұрғындармен кері байланысты нығайту, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және кез келген мәселені дер кезінде шешу – жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті екені атап өтілді. Жиын соңында аудан әкімі барлық кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне өз аймақтары бойынша тазалық, абаттандыру жұмыстарында осы кезден бастап қолға алу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
01 наурыз 2026 ж. 31 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031