Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Өркендеу және Бірліа ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Өркендеу және Бірліа ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Өркендеу және Бірлік ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізіп, халықпен ашық пікір алмасты. Алдымен кездесу Өркендеу ауылдық округінде өтті.
Кездесу барысында аудан басшысы аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен айтып өтті. Сондай-ақ жуырда халықтың тікелей сайлауымен сайланған Өркендеу ауылдық округінің әкімі Қожахмет Қуанғалиевке жаңа қызметінде сәттілік тілеп, ел сенімін ақтайтынына сенім білдірді.
Сонымен қатар аудан әкімі санаулы күндерден кейін елімізде өтетін республикалық референдумға тоқталып, оның маңызына назар аударды. Жаңа Ата заң жобасында маңызды өзгерістер қарастырылғанын атап өтіп, тұрғындарды ел болашағы үшін қолға алынған бастамаға бірлікпен атсалысуға шақырды.
Кездесу барысында аудан әкімі Өркендеу және Бірлік ауылдары үшін маңызы зор жобалардың бірі – Қарлан көпірінің құрылысы туралы да айтып өтті. Қазіргі таңда көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл жоба да аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан маңызды инфрақұрылымдық жұмыстардың бірі екені атап өтілді.

Тұрғындармен өткен кездесулерден кейін аудан басшысы округтердегі референдум учаскелерінің дайындығын көрді.
11 наурыз 2026 ж. 201 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930