Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Ақсуат ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Ақсуат ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Ақсуат ауылына барып, тұрғындармен кездесу өткізді.
Ауыл халқымен өткен кездесуде аудан әкімі алдымен өткен жылдың қорытындысы бойынша Президентіміздің, облыс әкімінің қолдауымен ауданда атқарылған жұмыстарды жан-жақты баяндады. Сонымен қатар биылғы жылға жоспарланған жобалар мен алдағы міндеттерге тоқталды. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысына қатысып, ел дамуы үшін маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті. Соның ішінде Конституциялық өзгерістер бойынша жалпыхалықтық референдумның маңызына ерекше тоқталды. Алдағы 15 наурызда өтетін референдум – еліміздің болашағын айқындайтын тарихи қадам екенін жеткізіп, Жаңа Конституция жобасын қолдауға, ел бірлігін көрсетуге шақырды.
Аудан басшысы тұрғындарға «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жайында да айтып өтті. Атап айтқанда, ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие беру, жаңа жұмыс орындарын ашу, кооперация құру, шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Кездесу соңында тұрғындар елді мекенге қатысты өз ұсыныс-пікірлерінде жеткізді.
Ауыл халқымен өткен кездесуден кейін аудан әкімі ауылдық округтегі №100 мектепте орналасқан №85 референдум учаскесінің дайындығын көріп, материалдық-техникалық жағдайымен танысты.
04 наурыз 2026 ж. 160 0

Арменияда жер сілкінді

04 тамыз 2026 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31