Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Ақжона, Алға ауылдық оркругтерінің халқымен кездесті

Аудан әкімі Ақжона, Алға ауылдық оркругтерінің халқымен кездесті

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Ақжона және Алға ауылдық окургтеріне барып, елді мекендердің тыныс тіршілігімен танысты. Алдымен ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қатар жатқан екі ауылдыңда тұрғындары өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтпас бұрын, ауылда атқарылып жатқан жұмыстардың барлығына ризашылықтарын жеткізіп, аудан басшысы мен барша ел азаматтарының жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесу барысында Алмасбек Әбілқасымұлы ауданда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан бірқатар жобалар жайында сөз қозғап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Аудан әкімі тұрғындармен кездесуден соң ауылдық округтерде орналасқан мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, спорт кешені сынды әлеуметтік нысандарға барып, олардың бүгінгі жай-күйіне қанық болды. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығында пысықтады.
Әлеуметтік нысандарды аралау барысында білім ошақтарындағы асханаларыныңда жайын көріп, мектеп директорларына асханалардағы санитарлық тазалық мәселесіне аса мән беру керектігін ескертті.
Аудан басшысы Ақжона ауылдық округін аралау барысында ауылда салынып жатқан типтік жобадағы 100 орындық ауылдық клубтың құрылысын көрді. Бүгінде ондағы құрылыс-монтаж жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Аудан әкімі мердігер мекеме «Намыс - Құрылыс» ЖШС-нің басшысына құрылыс жұмыстарының сапасына мән беріп, бірқатар кемшіліктерді шұғыл қалпына келтіруді тапсырды.
07 қазан 2025 ж. 116 0

Жол сапасы бақылауда

07 қазан 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031