Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанқожа және Ақтан батыр ауылдарының халқымен кездесті

Жанқожа және Ақтан батыр ауылдарының халқымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Ақтан және Жанқожа батыр ауылдарына барып, тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан әкімі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен ауданда атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар жайында кеңінен айтып өтті.
-Өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға беріліп, ауылға кіреберістегі 3 шақырым жол жөндеуден өтті. Елді мекенге өткен жылы магистралды газ құбыры жеткізіліп, жуық арада елдімекенішілік газ желілерін жүргізу жұмыстары басталатын болады. Ал, Ақтан батыр ауылы бүгінде көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Биыл ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес Абай Құнанбаев атындағы көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұдан бөлек екі ауылдыңда алдағы уақытта электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, - деді аудан басшысы.
Тұрғындармен кездесуде аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған республикалық референдумға кеңінен тоқталды. Бұл – еліміздің жарқын келешегі үшін өз таңдауымызды жасап, қастерлі Отанымыздың берік негізін қалауға берілген тарихи мүмкіндік екенін айтып, елдік істе үлкен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетуге шақырды.
Өз кезегінде ауыл тұрғындарыда елде жүзеге асырылып жатқан оң өзгерістерге ризашылықтарын білдіріп, өңірдің дамуына бағытталған игі бастамаларға бірлесе атсалысуға дайын екендерін жеткізді.
Кездесулерден кейін аудан әкімі Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектепте орналасқан №70 және Ақтан батыр ауылындағы №190 мектепте орналасқан №78 референдум учаскелерін аралап, дайындық барысымен танысты.
04 наурыз 2026 ж. 200 0

Шипа мен үйлесім жолында

20 маусым 2026 ж. 33

Қауіпке қарсы қамданыс

20 маусым 2026 ж. 25

XXI ғасырдағы Арал теңізі

20 маусым 2026 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930