Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі Қазалы ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Қазалы ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде аудан халқымен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.
Қабылдауға барлығы 70-тен астам азамат келіп, өтініш-тілектерін білдірді. Тұрғындарды негізінен баспана алу, денсаулық, білім салаларының, жұмысқа орналасудың түйткілдері, т.б. толғандырады. Барлық ұсыныс-пікірлерді тыңдаған соң аймақ басшысы жауапты тұлғаларға әр мәселе бойынша тиісті тапсырмалар берді. Қабылдауға келген тұрғындардың ой-пікірлері, көтерген мәселелері жан-жақты зерттеліп, тиісті шешімдер шығарылады.
Құқық қорғау органдары басшыларының қабылдауына келген тұрғындар да өздерін толғандырған мәселелердің жай-жапсарының заңдық негізі жайлы сауалдарына толыққанды жауап алды. Оларға мәселелерін заң шеңберінде шешу жолдары түсіндірілді.
«Аймақ басшысының ауданымызға жұмыс сапары туралы хабардар болған соң, қабылдауына жазылдым. Кездесуде Бозкөл ауылына типтік жобадағы балабақша қажет екеніне тоқталдым. Облыс әкімі бұл мәселенің алдағы уақытта оң шешім табуына ықпал жасайтынын айтты», - деді Қазалы ауданы, Бозкөл ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Жанұзақ Келімбет.
«Келінімнің орыс тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломы бар. Бірақ жұмысқа орналаса алмады. Бүгін ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қабылдауында болып, осы мәселені көтердім. Облыс әкімі тиісті сала басшыларына заңнамаға сәйкес көмек көрсетуді тапсырды», - дейдi аудан тұрғыны Айгүл Жұбан.
Жеке қабылдаудан бөлек аймақ басшысы аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі «LCI-MK» ЖШС темірбетон зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын жылына 10000 текше метр темірбетон бұйымдарын және конструкцияларды өндіруге бейімделген. Бүгінде 18, 21, 24 метрлік балкаларды стандарттарға сәйкес дайындап, республика аумағындағы жол, көпір құрылыстарын қажетті материалмен қамтамасыз етуде. Мұнда 67 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2013 жылы мекеме үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында жалпы құны 30,0 млн. теңгені құрайтын «Жоғарғы кернеулі электр бағаналарын шығару» жобасын іске асырды.
Еске салсақ, Қазалы ауданына сапары барысында Нұрлыбек Машбекұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген мәжіліске қатысты, ақсақалдармен кездесіп, пiкiрлестi.
Осындай форматтағы жеке қабылдаулар алдағы күндері барлық ауданда өткізілмек.
17 мамыр 2023 ж. 217 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 62

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 39

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 65

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 77

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031