Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖИ Қазақстанның ЖІӨ-сін қанша пайызға арттырады? – сенатор жауабы

ЖИ Қазақстанның ЖІӨ-сін қанша пайызға арттырады? – сенатор жауабы

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев жасанды интеллект пен цифрлық контентті белсенді қолдану Қазақстан экономикасының өсуіне серпін бере алатынын айтты

ФОТО: canva
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, бүгінде ілгерлеп келе жатқан елдердің басым бөлігі жасанды интеллектіні түрлі салада кеңінен пайдаланып отыр.
Егер біз цифрлық контентпен және жасанды интеллектімен жүйелі түрде жұмыс істемесек, басқа мемлекеттерден қалып қоюымыз мүмкін. Цифрлық технология мен ЖИ-ді белсенді енгізген елдерде жалпы ішкі өнім 2030 жылға қарай 15 пайызға дейін өседі. Ал Орта Азия елдерінде бұл көрсеткіш 10,4 пайызға жетуі ықтимал, – деді депутат.
Сенатор қазіргі таңда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 6,5 пайыз деңгейінде екенін атап өтті.
Демек, ЖІӨ-ні 10 пайызға жуықтатуға толық мүмкіндік бар. Қазақстанның цифрлық державаға айналуы үшін барлық алғышарттар бар, – деді ол.
Сонымен қатар Ғалиасқар Сарыбаев елімізде жасанды интеллект туралы заң қабылданғанын еске салды. Оның айтуынша, бұл бастама қоғамда әртүрлі пікір тудырған.
Бір тарап заң ертерек қабылданды десе, екінші тарап ЖИ-ді арнайы нормалармен реттеу қажет екенін айтты. Жасанды интеллект Қазақстанға еріксіз жаңа технологиялар әкелуі мүмкін, тіпті келіп те жатыр. Сондықтан біз алдын ала норма қабылдап, нақты алғышарттарды белгіледік, – деді сенатор.
Депутат Қазақстанның цифрлық кодексті қабылдаған бірден-бір мемлекет екенін атап өтіп, алдағы міндеттерге де тоқталды.
Жасанды интеллекті тиімді дамыту үшін Қазақстан өз дербес кітапханасын, яғни үлкен деректер базасын қалыптастыруы тиіс. Бұл деректер ретке келтірілмесе, болашақта кері әсер етуі мүмкін, – деді ол.
Оның сөзінше, цифрландырудың түпкі мақсаты – қоғам үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.
Сенатор цифрландырудың нақты нәтижелеріне де тоқталды.
Бүгінде азаматтардың басым бөлігі мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта ала алады. Бұл – біріншіден, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, мемлекеттік орган мен азаматтың тікелей байланысы азайған соң, жемқорлық тәуекелдерін бақылау тетігі күшейді. Үшіншіден, экономикадағы күрделі есеп-қисаптар мен талдаулардың жылдам шешілуіне жол ашылды, – дейді Ғалиасқар Төлендіұлы.
29 қаңтар 2026 ж. 116 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031