Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қыста экзотикалық жемістер өсіп тұр

Қызылордада қыста экзотикалық жемістер өсіп тұр

Қызылорда қаласының тұрғыны Ақерке Тәжекеева 22 жылдан бері жылыжай шаруашылығымен айналысып келеді. 

Фото: Нұрболат Нұржаубай
Кейіпкеріміз — Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының түлегі. Алайда мамандығы бойынша жұмыс таппай, еңбек жолын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде агроном болып бастаған. Талай жылын сондағы жылыжайда өткізді. Агрономия мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, ауыл шаруашылығы магистрі дәрежесін иеленді. Ал бүгінде «Болашақ» университетінде оқытушы әрі жылыжай меңгерушісі.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
Қала іргесіндегі саяжайда өзінің 3 жылыжайы бар. Оларды зертхана немесе тәжірибе алаңы есебінде пайдаланады. Қандай да бір жаңа жеміс көшетін алдымен осында сынап көреді, бой алып кетсе, университет базасында өсіреді.


Фото: Нұрболат Нұржаубай
— Өңіріміз үшін таңсық лимон, банан, манго, папайя, кумкват топырағымызға бірден жерсінді. Экзотикалық жемістер арасынан әуелі лимон ектім. Ол пісіп, еңбегіміз нәтижелі болды. Содан кейін басқа түрлерін біртіндеп байқап көрдім. Қай-қайсысы да жайқалып өскенде көңіліміз жадырап сала береді, — деді Ақерке Тәжекеева.

Бірақ әрқайсысына бала сияқты бап керек. Агроном экзотикалық жемістердің күтімі жөнінде айтып берді. 


Фото: Нұрболат Нұржаубай
— Бананды негізі тәтті сумен өсіреді екен. Бірақ өзім ауызсу пайдаланамын. Банан ағашы алғаш жеміс бергеннен кейін жарамайды, сондықтан оны шауып тастаймыз. Сосын түбінен бастап қайтадан жеміс береді. Басқалары да осылай біртіндеп көбейеді. Бір түптен бір банан шығады, сол кезде бір ағаш 30-40 келідей өнім береді. Папайя тез өседі екен әрі бойшаң. Көптеп жеміс салады. Қант диабетімен ауыратын, қан қысымы бар адамдарға түйнегі, сүті пайдалы екен. Өзі азғантай болғасын тек сұрағандарға түйірлеп өткіземіз. Базардағы бағасын білмеймін, келілеп сатып көрген емеспін. Маған өсіп тұрғаны олжа. Сатып пайдаға кенелу ойда болмапты. Лимон апельсинмен будандастырылған. Оны пісіп жатқан кезде суаруға болмайды, әйтпесе, жарылады. Манго қияр сияқты ағашына өрмелеп өседі. Бұлар гүлдеген кезде жылыжайдың ішін хош иіс жайлайды, — деді кейіпкеріміз.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
Ақерке Тәжекеева — «Қызылорда өңірінде жылыжайда қияр, қызанақ өсіру технологиясы» атты әдістемелік құралдың авторы. Студенттер әдістемелікті оқу мен тәжірибені ұштастыру барысында қолданып жүр. Тәжірибелі маман сұхбат барысында жылыжай ісімен айналысқысы келетіндерге кеңес берді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
— Біздің жылыжайдың кленкасы он жылдан бері сол күйі тұр. Қанша қатты жел, дауыл болса да қозғалмайды. Кейбір жылыжайлардың кленкасы қатты желге шыдамай жалбырап, тез жыртылып қалады. Бұған каркастың дұрыс бекітілмеуі себеп. Жылыжаймен айналысқысы келетіндер сондай-ақ орынды дұрыс таңдамау, су құбыршегін дұрыс жалғамау сияқты кемшіліктерді жиі жібереді. Сосын күн жылыжайдың дәл төбесінен түсуі, тұқым егуді кестемен бекітіп қою керек, — деді ол.

Бұған дейін Шымкент қаласында жылына 155 мың тонна қызанақ өсіруге есептелген еліміздегі ең ірі жылыжай кешендерінің бірі ашылды.

07 қаңтар 2026 ж. 161 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031