Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек десе ерінбеген

Еңбек десе ерінбеген

Бүгінде ақтанбатырлық Нұрболат Мырзалиев бақша өнімдерін егуді кәсіп етіп отыр. Ол бұл істі 1994 жылдан бері атқарып келеді. Себебі ала жаздай еткен еңбегінің арқасында отбасын қаражатпен қамтамасыз етіп жүр. Қазір ол 1 гектар жерді өз күшімен көгертіп, бау-бақшаны дамытуда. Оның сөзінше кедергілер де жоқ емес.

–Егістік алқабымды үлкейткім келеді. Бірақ 4-5 жылдан бері «қауын шыбыны» деген жәндіктен құтылу оңайға түспей тұр. Тынбай, арнайы мамандар берген уды шашып тұрамын. Жаз бойы баптаған өнімдерге бұл зиянкестердің кесірі тисе, қаншама еңбегім зая кетеді. Ал егер соларды жоятын әдіс ойлап табылса, алаңдамай жұмыс істеуге тура келеді. Әзір шағын жерге қауын, қарбыз, қияр, қызанақ пен асқабақ ектім. Піскен шағында базарға апарып, көтере бағамен өткіземін. Өзіме де біршамасы азық қылуға жетеді.
Қазір ауылда бақшамен ешкім айналыспағандықтан, бәрі сырттан әкелінеді. Ал оның басым бөлігі химикаттармен өсірілгендігін жақсы білеміз. Сондықтан бұрынғы күләбі, шытырлақ, жәмбілшә сынды өзіміздің тәтті қауындардың жаңа сортын шығарғым келеді. Осылайша жергілікті бау-бақша өнімдерінің сұранысын арттыруды ойлап жүрмін. Маған жер бөліп, сүйікті ісіммен айналысуға көмек берген ауыл әкімі Серікке алғысым шексіз, – дейді Нұрболат аға.
Бүгінде Нұрболат Құдай қосқан жары Венерамен бірге екі қыз бен екі ұл тәрбиелеп отыр. Олардың барлығы еңбекке білек сыбана кіріседі. Ала жаздай таң атқаннан кеш батқанға дейін кетпенін арқалап бақшаны баптайды. Биыл да жылдағыдай өнім алуға бар күш-жігерлерін жұмсауда.
Мақсаты биік кәсіпкер мұнымен тоқтап қалғысы жоқ. Алдағы уақытта жылыжай салып, жыл бойына қияр мен қызанақ егуді қолға алғысы келеді. Қажетті құралдарын жинақтап қойған. Тек қаражат жағы қол байлау болып келеді. Егер көмек берілсе, жұмысты бастап кетуге құлшынысы мол.
Сондай-ақ бау-бақшаны қарап болған соң, үй маңындағы жеміс-жидек ағаштарын баптауды жаны қалайды. Қазір өрік пен шиесі жайқалады. Алдағы жылы жүзім ағашын егуді қолға алмақ.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
29 шілде 2020 ж. 1 387 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 40

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 36

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930