Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Асхат Аймағамбетов оқушылар мен студенттерге қатысты ұсыныс айтты

Асхат Аймағамбетов оқушылар мен студенттерге қатысты ұсыныс айтты

Фото: facebook.com/askhat.aimaganbetov
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов премьер-министрге магистратура мен докторантураға түсу тәртібін өзгерту мәселесін көтерді, деп хабарлайды
BAQ.KZ тілшісі.

Оның пікірінше, қазіргі таңда талапкерлердің ағылшын тілінен емтихан тапсыруы міндетті екені, әсіресе кейбір мамандықтар үшін, жастардың білім алуына кедергі келтіріп жатыр.
Қазақ филологиясы, этнография, музыка сияқты мамандықтарға түсетін жастар да ағылшын тілінен емтихан тапсыруы қажет. Бірақ қазіргі технологиялар, атап айтқанда, ChatGPT және Gemini сияқты құралдар, кез келген ағылшын тіліндегі мәтінді бірнеше секунд ішінде қазақ немесе орыс тіліне сапалы түрде аудара алатын мүмкіндіктер ұсынады, - деді депутат.
Аймағамбетовтың пікірінше, бұл талап қазіргі уақытта заманға сай келмейді және жастарға кедергі жасайды. Ол ғылыми жаңалықтардың көпшілігі ағылшын тілінде жарияланатынын, бірақ қазіргі технологиялардың арқасында жастар ғылыми жұмыстарын бастау үшін тілдік тосқауылдардың болмауы керектігін атап өтті.
Депутат өз ұсынысында бірнеше қадамды атап өтті:
  1. Ағылшын тілін мектептен бастап сапалы оқытуды күшейту. Осы бағытта ағылшын тілін үйрету бағдарламасын толық іске асыруды ұсынды.
  2. Оқу тілі қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бағыттарда ағылшын тілінен емтиханды оқу аяқталған соң тапсыруды қарастыру. Бұл жерде ағылшын тілін бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына тереңдетіп енгізу ұсынылды.
  3. Ағылшын тілінде оқытатын және қосдипломды бағдарламалар үшін ағылшын тіліне қатысты талаптарды күшейту.
  4. Scopus және Web of Science базаларында мақала жариялау талабын мамандық ерекшелігіне қарай қарастыру. Қазақ филологиясы және музыка сияқты салалар үшін балама жолдар ұсынылуы қажет.
Осыған байланысты, Аймағамбетов білім беруді қолжетімді, әділетті және заманға сай ету үшін ұсынылған қадамдардың маңызды екенін жеткізді. Депутат университеттердің академиялық еркіндігі аясында бұл мәселелерді шешу керек деп санайды.
23 сәуір 2025 ж. 59 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930