Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БЮРО ОТЫРЫСЫНДА ФРАКЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҚАРАЛДЫ

БЮРО ОТЫРЫСЫНДА ФРАКЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Отырысқа арнайы партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов пен Атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова онлайн режимде қатысты.

Жиынға партия филиалының төрағасы Әліш Ғазиз төрағалық етіп, күн тәртібінде ағымдағы жылдың I тоқсанындағы Қазалы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерінің жұмысына жүргізілген мониторинг қорытындысы қаралды.

Аталған мәселе бойынша фракция жетекшісі, Атқарушы хатшы Нұрғиса Жалғасбаев хабарлама жасап, атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелеріне тоқталды.

– «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының есепті кезеңде 2 отырысы өтіп, 18 ұсыныс жолданды. Жол картасы аясындағы 76 іс-шараның 13%-ы орындалды. Әр фракция мүшесі тиісті тармақтарға жауапты ретінде бекітілген. Партия алаңында қоғамдық қабылдаулар жоспарлы түрде ұйымдастырылып, нәтижесінде 30-ға жуық азаматтың мәселесі қаралды. Мәслихат алаңында жолданған 30 депутаттық сауалдың жартысынан астамы нәтижелі орындалды, – деді Нұрғиса Жаппарбергенұлы.

Мұнан соң облыстық партия филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы ауданнан сайланған партия депутаттарының жұмысы жүйелі екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, әлі де атқарылуы тиіс жұмыс бағыттарына тоқталды.

Жиын қорытындысында аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш айтылған ұсыныстар негізінде
фракция жұмысын одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтті. Ал облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп пен аудандық мәслихат депутаттары Әділбек Сарабеков, Арғын Орымбаев, Әбілов Күншығар партиялық бақылау қызметіне қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

#AMANAT
23 мамыр 2025 ж. 53 0

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 53

Компания көлік сыйлады

23 мамыр 2025 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031