Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нәзікжанды партия мүшелеріне құрмет көрсетілді

Нәзікжанды партия мүшелеріне құрмет көрсетілді

Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі 
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Онда партия белсенділері мен түрлі салада еңбек етіп жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.
Кездесуге білім, мәдениет, денсаулық сақтау, теміржол, БАҚ саласының өкілдері, кәсіпкерлер және көпбалалы аналар қатысты. Жалпы саны 50-ге жуық нәзік жандылардың басын қосқан салтанатты шарада жұмысшы мамандарына да ерекше көңіл бөлінді.
Аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш жиналғандарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
– Баршаңызды көктемнің көрікті мерекесімен құттықтаймын. Бүгінде әйел-аналар – отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамның тірегі, ұлт болашағының алтын қазығы. Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Қыздарын қадірлеп, төріне шығарған. Бұл – ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет. Бүгінде мемлекетіміз әйелдер құқығын қорғауға, оларға жан-жақты жағдай жасауға әрдайым баса мән беруде. AMANAT партиясы да бұл бағыттағы үлкен бастамаларға ұйытқы болуда, – деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.
Мұнан соң әйелдер қауымына облыстық партия филиалының төрағасы А.Есмахановтың мерекелік құттықтауы мен аудандық партия филиалының төрағасы Ғ.Әліштің Алғыс хаты, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов пен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанова мерекелік лебіздерін білдірді.
Салтанатты шара әрі қарай аудан өнерпаздарының мерекелік әнімен жалғасып, қорытындыланды.
#AMANAT
06 наурыз 2025 ж. 425 1

Kendra от 9 наурыз 2025 12:41
Женский клуб Хабаровск в телеграм - женский чат для тебя! Обсуждаем, комментируем, делимся своими историями, обучающими материалами, хорошим настроением и новостями. Много нужного- психология, мастер-классы, вопросы, ответы и многое другое. Ждём наших дорогих подписчиц в добром и светлом женском клубе. #Хабаровск #ЖенскийклубХабаровск #ЖенскийХабаровск #смотретьженский #женскийинтернет #телеграм #телеграмм #telegram Подпишись, чтобы не потерять! Женские чаты в телеграмме - Хабаровск Женские группы в других городах РФ:https://tenchat.ru/media/2748824-my-rastyom-i-rasshiryayem-granitsy

Жұмбағы мол Жанкент

22 тамыз 2026 ж. 59

Қойнауы құт Қызылқұм

22 тамыз 2026 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31