Энергетика министрлігі электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту рәсіміне түсінік берді
Жобаны "жеті жылдық тоқтату" ретінде түсіндіру құжаттың рәсімдік мәнін толық ашпайтыны айтылған.
Фото: pixabay.comЭнергетика министрлігі 2026–2032 жылдарға арналған электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Электр энергетикасы туралы" Заңға сәйкес, жетіжылдық кезеңге тарифтерді бекіту – қолданыстағы тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін (2025 жылдың соңы) Министрлік орындауға міндетті рәсім. Жобада көрсетілген (2025 жылғы деңгейде) цифрлар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы тапсырманы ескере отырып қалыптастырылған. Бағаларды көтеруге қатысты мораторий жағдайында Энергетика министрлігінің болашақ кезеңдерге арналған тарифтердің өсуін нормативтік құқықтық актіде белгілеуге заңды құқығы жоқ", – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Осыған байланысты, құжат қазіргі уақытта күшінде тұрған шектеу шараларына толық сәйкес келетін қолданыстағы баға параметрлерін бекітеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасы шекті тарифтерді түзету механизмін көздейді. Бұл рәсімді энергиялық өндіруші ұйымдар тек экономикалық негізделген шығындарды өтеуге бағытталған объективті нарықтық факторлар өзгерген жағдайда ғана бастай алады.
"Осы ретте, кейбір БАҚ-та жобаны "жеті жылдық тоқтату" ретінде түсіндіру құжаттың рәсімдік мәнін толық ашпайды. Бұйрық қазіргі құқықтық жағдайды бекіте отырып, қолданыстағы мораторий мерзімі аяқталғаннан кейінгі нарықтық өзгерістерге ден қою мүмкіндігін жоққа шығармайды. Қазір Энергетика министрлігі энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтынушылардың мүддесін қорғау бағытын берік ұстана отырып, тарифтерді қолданыстағы деңгейде сақтап келеді", – деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Айта кету керек, бұған дейін елімізде электр энергиясының тарифтері 7 жыл бойы өзгермеуі мүмкін екенін жазғанбыз.










